Moldir Awelbekova "Sen (Сен)" lyrics

Translation to:ru

Sen (Сен)

Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған,Сен — армансың, жанарымда нұрланған.Алып ұшқан ақ жүрегім адасып...Сағыныштан сарғаяды бұл жалған.Суық күзде мұң басады еңсемді,Үмітті үзбей, сағынышым келші енді!

Қайырмасы:Сен, сен –Сыңары жан жүректің,Ардағым, мен сағына күткен,Арманым, мен бағыма біткен.

Сен — армансың, қиялыма жасырған,Сен — сезімсің, тамырымда тасынған.Сенің әнің, сенің жаның тұп — тұнық,Жаралғандай менің мөлдір жасымнан.Дертім болдың, бара жатыр мендік мұң,Сертің беріп, «сүйем» десең – сендікпін.

Қайырмасы:Сен, сен –Сыңары жан жүректің,Ардағым, мен сағына күткен,Арманым, мен бағыма біткен.

Сен… Сен… Сыңары жан жүректің,Сен… Сен… Жылуы таңғы лепті.Ардағым, мен сағына күткен,Арманым, мен бағыма біткен...

Here one can find the lyrics of the song Sen (Сен) by Moldir Awelbekova. Or Sen (Сен) poem lyrics. Moldir Awelbekova Sen (Сен) text. Also can be known by title Sen Sen (Moldir Awelbekova) text.