Kazakh Folk "Sügirdin Termesi (Сүгірдің термесі)" paroles

Sügirdin Termesi (Сүгірдің термесі)

Ауылға Сүгір келді-деп,Ордасын да талай сайлаған.Сары самаурын, ақ құман ей,Кең дастархан жайнаған.Ағалар енді аман бол!Келді ме деп жыршылар,Ботадай көздері жайнаған.Тал шыбықтай бұралған,Маржандай тістері құралған,Мырза қайным келді деп,Шыға да алмаған құмардан.

Келіндерімде бар еді,Қайнаға келді дегенде.Реңін қалай көрем деп,Сығалап талай қимаған.Құрбыларым да бар еді,Қона кетші құрдас деп.Талай жанды қимаған,Сызылып талай сыйлаған.Інілерім де бар еді,Сүгірдей ағам келді деп.Ат шаптырып айқайлап,Хабар да салған еліме.

Таратқан менің даңқымды,Мәжілісте байтақ жеріме.Біз жүре беріппіз жігіттер,Адайдың берген желіне.Қыздарым да бар еді,Шай құйып беріп атамның.Батихасын алам деп,Саусақтары майысқан.Алты қанат-ай ақ орда!Біздерде кеттік - ай аман бол!Айырылып қалып-ай барасың,Шабысы жүйрік арыстан.

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Sügirdin Termesi (Сүгірдің термесі) de Kazakh Folk. Ou les paroles du poème Sügirdin Termesi (Сүгірдің термесі). Kazakh Folk Sügirdin Termesi (Сүгірдің термесі) texte. Peut également être connu par son titre Sugirdin Termesi Sүgirdiң termesi (Kazakh Folk) texte.