Kazakh Folk "Ösiyet (Өсиет)" paroles

Traduction vers:trtt

Ösiyet (Өсиет)

Ау, жігіттер жалғанда,Жалаға қалсаң сол жаман,Ішті болмай ішті деп,Бәлеге қалсаң сол жаман.Күнің түсіп басқаға,Жалтақтасаң сол жаман.Ағайыннан дүние үшін,Алшақтасаң сол жаман.

"Өсілдім, болдым, толдым" деп,Ата-анаңды-ай тастама.Жетегінде әйелдің,Төбеті болсаң масқара,Ата-анаң асқар биігің,Айырбастама басқаға.Сиыспаса әйеліңБасқасын алғың, таста да.Әкеңе өктем сөйлемең,Анаңа ақыл үйретпең.Тілің тап, жай сөйлеп,Қарт көңілін күйретпе.Әрнәрсеге ұрынып,Артыңа шала сүйретпе.Әр есікті телміртіп,Ата-анаңды күйзелтпе.

Үйір болып араққа,Қосыла алмай санатқа.Сатып, ішіп дүниеңді,Зар болма ішер тамаққа.Құтырынып, қыз көрсең,Сүлмеңдей берме соңынан.Күнәһар болып қалмағың,Шариғаттың жолынан.Бойжеткен, әсем арулар,Айтарым бар сендерге.Қылықты болар қыз бала,Он сегізге келгенде.Үлкенді көрсең ізет қыл,Қайда да болсаң көргенде.Абырой аттан айрылып,Жүрмегін тыры бір пенде.

Ұқсаймын деп орысқа,Сөйлеме қалқам орысша.Қазақтың қызы дегенге,Лайықты жол ұста.[Қайта қазақ болғалы,Болды ғой мына аз-ақ күн.Көбейтіңдер келін боп,Аз ғана санын қазақтың.] (2х)

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Ösiyet (Өсиет) de Kazakh Folk. Ou les paroles du poème Ösiyet (Өсиет). Kazakh Folk Ösiyet (Өсиет) texte. Peut également être connu par son titre Osiyet Өsiet (Kazakh Folk) texte.