Kazakh Folk "Qara Jorğa (Қара Жорға)" paroles

Traduction vers:rutr

Qara Jorğa (Қара Жорға)

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.

Ал халайық билеңдер билеңіздер сүйгенмен,Басыңыздар шаттанып қара жорға биіне.Қоссын барлық бейнеге қан тарасын денеге,Қара жорға болмаса тойдың сәні келер ме.

Қара жорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар,Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар.Келе бермес ыңғайға дәл осындай күн қайдаОйнаңыздар жамағат билеңіздер мұндайда.

Шалдар жүрсе шаттанып жанарынан от жаныпБи билесін майданда кемпіріне мақтаныпКемпір жүрсін кеңкілдеп ақ жаулығы желпілдепШалдарына көз қысып би билесін секілдеп

Биле жеңгем билегім мына тойдың гүлі едіңАғалардың қалайда дыр дыр еткіз жүрегінСалауатты ағасы азаматтың сарасыБилеп жатқан сылқылдап келіншектерге қарашы

Биле биле жігіттер жанып тұрған үміттерШыққанынша тоқтама маңдайыңнан тұнық терБиле қыздар бұралып сауық сайран құратыпЖауласын бір от сезім жүректерде сұрапыл

Қыздар солай мәздасын жүрек қылын қозғасынКөрген кезде жігіттер талып түсе жаздасынҒашықтарда тіл қатып жүректерді жыр қатыпҚыз бен жігіт қосылып билеу деген бір бақыт

Биле биле сұлуым қандай ғажап күлуіңСыртылдасын саусағың былқылдасын буыныңАнау тұрған бойжеткен сүйкімді еді ау ой неткенТалайлаған жігіттің жүректерін сөйлеткен

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер меҚос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер меҚара жорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар,Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Qara Jorğa (Қара Жорға) de Kazakh Folk. Ou les paroles du poème Qara Jorğa (Қара Жорға). Kazakh Folk Qara Jorğa (Қара Жорға) texte. Peut également être connu par son titre Qara Jorga Қara ZHorғa (Kazakh Folk) texte.