Daidïdau (Дайдидау)
Хат жаздым қалам алып сізге еркем,Жүзің бар он төртінші-ай айдай көркем.Есіме сен түскенде, беу қарағым,Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.
Уай, дайдидау-ай,Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.
Шынымен менен достым қалғаның ба,Мойныңа айырылуды-ай алғаның ба?Екеуіміз айрылмастай болып едік,Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.
Уай, дайдидау-ай,Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.