Erbolat Qudaybergen "Men Qаzаqpın (Мен қазақпын)" paroles

Traduction vers:enruuz

Men Qаzаqpın (Мен қазақпын)

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген!Жөргегімде таныстым мұң тілімен.Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Руым көп, солардын аттарындайМінезім бар таулардың қатпарындай.Жырым бар бабалар хаттарындай,Әжімім бар бейнеттің таттарындай.

Қашан қазақ атандым мен азандап? -Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.Есіміме береді бала жасынҚұлпытасты шұқыған кей азамат.

«Ару – жолда, мал – терде, бала - белде»*Уайым түбі – теңіз ғой, бара берме. О-о-о!..Жігер керек, жыр керек, жалау керек,Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге.О-о-о-о!...

Бұл кім десең,Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар.О-о-о-о!...

Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген!Жөргегимде таныстым мұң тілімен.Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақрын,Қырғыз ол - туысқаным,Бірге тартқан тарланның құйысқанын.Анамыз да қара көз бір қыз, бәлкі,Бөліп берген егізге уыс наннын.Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен,Еуропа да, Азия да емеспін мен.Аралықпын, жетінші материктей,Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын –Байтақ елмін, қайта тудым,Өмірге қайта келдім.Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,Айта бергім келеді,Айта бергім!

Бұл кім десең,Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар.О-о-о!.. (5х)

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Men Qаzаqpın (Мен қазақпын) de Erbolat Qudaybergen. Ou les paroles du poème Men Qаzаqpın (Мен қазақпын). Erbolat Qudaybergen Men Qаzаqpın (Мен қазақпын) texte. Peut également être connu par son titre Men Qazaqpin Men қazaқpyn (Erbolat Qudaybergen) texte.