Kazakh Folk "Ägugаy (Әгугай)" letra

Traducción al:ru

Ägugаy (Әгугай)

Ортамызда Төлеген көрсең зорға, ахоу,Сүріндірмей боз жорға қазған орға,Әгугай, әгугай.

Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахоу,Орамалы тұрады бес жүз жорға,Әгугай, әгугай.

А-а-а-а-айАйың тусын оңыңнан,Жұлдызың тусын соныңнан,Хабарсыз кетсең тым ұзақ,Сансызбай шығар соңыңнан.Қыз Жібек енді келгенше,Келін боп үйге еңгенше,Даяр етіп қояйық,Салдырып сарай өзгеше.

Арамызда Төлеген көп жыл өтті-ау, ахоу,Нелер келіп болмасқа, нелер өтті,Әгугай, әгугай.

Арада өткен сегіз жыл сергелдеңге, ахоу,Хабар айтып жіберсең нең кетеді,Әгугай, әгугай.

А-а-а-а-айАйың тусын оңыңнан,Жұлдызың тусын соныңнан,Хабарсыз кетсең тым ұзақ,Сансызбай шығар соңыңнан.Қыз Жібек енді келгенше,Келін боп үйге еңгенше,Даяр етіп қояйық,Салдырып сарай өзгеше. (3х)

Aquí se puede encontrar la letra de la canción Ägugаy (Әгугай) de Kazakh Folk. O la letra del poema Ägugаy (Әгугай). Kazakh Folk Ägugаy (Әгугай) texto. También se puede conocer por título Agugay Әgugajj (Kazakh Folk) texto.