Kazakh Folk "Аqquım (Аққуым)" letra

Traducción al:ru

Аqquım (Аққуым)

Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,Ұмытамын деп өршітіп алдым отымды.Жаным-ау сен де келместі күтіп жүрмісің?Жас жүрегіңе тұмар қып жазып атымды.

Жетейін десем, жете алмай,Жүрген жоқпын ба-ай?Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Толқыттың мені, есіме түстің, тербедің,Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.

Жетейін десем, жете алмай,Жүрген жоқпын ба?Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдімімм!

Аққуым менің, ақ гүлім едің, ғашығым менің,Асылым едің, қиялым менің, ұяңым едің,Аяулы арманым.

Жетейін десем, жете алмай,Жүрген жоқпын ба-ай?Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!

Aquí se puede encontrar la letra de la canción Аqquım (Аққуым) de Kazakh Folk. O la letra del poema Аqquım (Аққуым). Kazakh Folk Аqquım (Аққуым) texto. También se puede conocer por título Aqquim Aққuym (Kazakh Folk) texto.