KeshYou "Qalay ğana (Қалай ғана)" lyrics

Translation to:rutr

Qalay ğana (Қалай ғана)

Күн өтеді, биікке тек жет!Үміт демі, күйіктен күшті еді!Тәубеңе кел, жақұттай жайна!Шектен тыс күншілдік кешегі!

Кеше кім едің?!«Тек жетсем» - деп асқарға армандайсың-ау жаным.Бүгін қандайсың?!

Болды қалауың,Ешкім де білмейді құбылған алау сағым.Өмірдің заңын.

Бүгін бал татқанға, мәңгі массаттанып,Берілме мақтанғаШаттанба

Бағынан құр қалып,Біреу жүр ұрланып,Ештеңе болмайды бір қалып.

Қалай ғана,Оңай ғана,Арманыңа,Шыр айнала,

«Жете салам» деме, деме, деме, деме«Кете салам» деме, деме, деме, демеӨмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.

Абыройдан айырарКелте тігіп пішкен тон.Күшпен оң,Оңалады КешYOU, үштен соң!

Білген соны Мендельсон...Өмір соңы келген соңӨкіну кеш,Айта бере-берген соң.

Қуансаң бір күнЖылтыраққа мәз болып алданып, басты шайқар.Бір күн мұңайтар,

Мәңгілік жаздай,Болмайды ештеңе, біліп қой, бәрі көркем.Өкінбе ертең.

Жаңылмай жүре біл тура жолдармененАямас адассаң,Бұл өмір.

Білмедің, білдің бе?!Қып-қызыл, күлгін бе?!Тікені болады гүлдің де.

Қалай ғана,Оңай ғана,Арманыңа,Шыр айнала,

«Жете салам» деме, деме, деме, деме«Кете салам» деме, деме, деме, демеӨмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.

Өмір, бір сәтке болғандай сапалы,Қалпыңа, қарағым, мұң айтпа қапалы.Ант беріп, уәдеден тайдырды жан қалайша,Тау төбеге өрмелеп, пәрменін бүгін алғанша

Қалғаныңда оңаша, түйсігіңе қонғаншаШамы жарық бұл әуеннің жылы лебі жаңашаҚаңбақша, ұшып-қонып өз тегінен айрылған,Жанға жылу беретұғын әуен тегі тамаша

Кеудеңе төнген уайым, жүдетеді,Былығы толы көздегеніңе жөнелтеді,«Заман-ай, көңіл»- демін мазалайды,Бәсекелік әурелеп, бәйгеге ой тігеді.

Үңілтеді, жүректі кірлетедіӘшекей - кебін, кейпіңе көрік бере-бередіШыққан ебіл-дебіліңнің сыры матадан әріТәніңнен әрі, рух бардың дерегі...

Қалай ғана,Оңай ғана,Арманыңа,Шыр айнала,

«Жете салам» деме, деме, деме, деме«Кете салам» деме, деме, деме, демеӨмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.

Here one can find the lyrics of the song Qalay ğana (Қалай ғана) by KeshYou. Or Qalay ğana (Қалай ғана) poem lyrics. KeshYou Qalay ğana (Қалай ғана) text. Also can be known by title Qalay gana Қalajj ғana (KeshYou) text.