Аlmаtı Tünі (Алматы түні)
Ажарлы көркің сұлу жаным,Бір көріп ұнап қалдың.Жүрегім сезген жылу барын,Бір көріп сыр ақтардым.
Тайдырды жүзің ұяң жаным,Қолым да дірілдеді.Алматының түнін қиялдадым,Бақытты күнімдегі.
Алматының түндері-ай,Махаббатың мәңгі аралындай.Алматының түндері-ай,Аралайық бірге маралым-ай.
Сыңғырлап күлкің, қалды менің,Елестеп құлағыма.Қылығың баурап алды сенің,Баладым сыңарыма.
Шынайы сезім жанды мөлдір,Көзіңнің шырағында.Сағынып салсам әнді жаным,Елесің тұрады ма?
Алматының түндері-ай,Алатаудың салқын самалындай.Алматының түндері-ай,Ұйқымды ұрлап сен алатындай (2х)