Turan "Qazaq Εli (Қазақ елi)" testo

Traduzione in:uz

Qazaq Εli (Қазақ елi)

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!Батырлар дүрілдеп өткен жер,Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,Сарылып сал-сері кеткен жер.Бас иіп, иіскеп топырағын,Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңдаҚұлшылық етемін тұрғанға,Құлшылық етемін құмдарға,Тағзым жасаймын қырларға!Шүкірлік етемін қашан даОсы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,Қысы бар аязға қардырған.Көктемі - балауса, балдырған,Ал күзі - алып бір ақ қырман,Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,Күрең нан жаңа алған тандырдан.Көлденең көлбеген көкжиекҚыранның қанатын талдырған.Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!Пай! Пай! Пай!..

***

Мен - мен едім, мен едім!Мен Нарында жүргендеЕңіреп жүрген ер едім.Исатайдың барындаЕкі тарлан бөрі едім.Қай қазақтан кем едім?Бір қазақпен тең едім.Өздеріңдей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шаңыртып,Басын кессем деп едім!Тақта отырған хандардыңТөрде отырған ханымынҚатын қылсам деп едім.Әлдилеген баласынЖетім қылсам деп едім.Хан баласы - ақсүйек,Ежелден табан аңдысқанАта дұшпан сен едің,Ата жауың мен едім.

Qui è possibile trovare il testo della canzone Qazaq Εli (Қазақ елi) di Turan. O il testo della poesie Qazaq Εli (Қазақ елi). Turan Qazaq Εli (Қазақ елi) testo. Può anche essere conosciuto per titolo Qazaq Eli Қazaқ eli (Turan) testo.