Qayrat Nurtas "Senі oylаy (Сені ойлай)" testo

Traduzione in:ru

Senі oylаy (Сені ойлай)

Алыстап кетіп жаныңнан,Көзімнен моншақ ағады.Еседі бұл күн бағымның,Сағынышымның самалы.

Тербетіп әннің бесігін,Әлдилеп сені отырмын.Есімнен кетпей есімің,Кеудемді мұңға толтырды.

Сені ойлай, ойлай, ойлай,Қиял теңізіне баттым.Суретіңе қарап тоймай,Жүрегімді үнсіз, жұбаттым. (2х)

Аққудай сыңар жүрегім,Жүзеді мұңның айдынын.Сезімнің іздеп жүремін,Кезіксең құшақ жай күнім.

Әнімді жалғап таңдарға,Өмірде келем төзумен.Аңсаған аппақ арманға,Жетер ме едім жаным өзіңмен?!

Сені ойлай, ойлай, ойлай,Қиял теңізіне баттым.Суретіңе қарап тоймай,Жүрегімді үнсіз, жұбаттым. (3х)

Qui è possibile trovare il testo della canzone Senі oylаy (Сені ойлай) di Qayrat Nurtas. O il testo della poesie Senі oylаy (Сені ойлай). Qayrat Nurtas Senі oylаy (Сені ойлай) testo. Può anche essere conosciuto per titolo Seni oylay Seni ojjlajj (Qayrat Nurtas) testo.