Qayrat Nurtas "Sŭrаnаmın (Сұранамын)" testo

Traduzione in:enru

Sŭrаnаmın (Сұранамын)

Өзгеріп дүние бір сеніменен,Өзімнен-өзім қызғанып келем.Сүйемін шексіз, сұрана берем,Бұл уақыт өзгерілсе де.

Өрт болып күйіп, жалындап денем,Өшірме, жаным, сұранам сенен.Өзгеше саған сезімім, терең,Мәңгілікке жаным сен.

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым,Өмірімнен артық көремін сені, ардағым!Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын,Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым,Қайталап айтам...

Сұранамын, жаратқанымнан,Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.Қайталап айтам, сұранамын мен,Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.Сұранамын...Сүйгенімді сақта...

Жадырап жаным бір сеніменен,Өткен күндерім кетпейді есімнен.Сезімнің отын сен келіп жаққан,Жаным-ау, қалай өшірем?!

От болып жанды сезімім сөнген,Өшірме, жаным, сұранам сенен.Өтеді жылдар, соғады жүрек,Мәңгілікке жаным сен.

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым,Өмірімнен артық көремін сені, ардағым!Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын,Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым,Қайталап айтам.

Сұранамын, жаратқанымнан,Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.Қайталап айтам, сұранамын мен,Сүйгенімді сақта, сақта, әрдайым.Сұранамын...Сүйгенімді сақта.

Qui è possibile trovare il testo della canzone Sŭrаnаmın (Сұранамын) di Qayrat Nurtas. O il testo della poesie Sŭrаnаmın (Сұранамын). Qayrat Nurtas Sŭrаnаmın (Сұранамын) testo. Può anche essere conosciuto per titolo Sŭranamin Sұranamyn (Qayrat Nurtas) testo.