Zhanar Dugalova "Ayta Bersin (Айта Берсін)" paroles

Traduction vers:elenrutr

Ayta Bersin (Айта Берсін)

«Сен өзіңді алдайсың,Арманға жете алмайсың» дейді олар.«Шын бақыттан шалғайсың,Жұлдыз болып жанбайсың,Шыңдарға шыға алмайсың,Сыңдарға шыдамайсың» дейді олар.

«Бұл әлем өзгермейдіҚолыңнан түк келмейді» дейді олар.«Талпынсаң да сен мейлі,Тағдыр жеңіс бермейді - дейді,Сен мындайсың, сондайсың,Ең бірінші болмайсың» дейді олар.

О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?Мұңаюдың жоқ себебі, себебі жоқ!О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?Өмір – ұзақ жол, жоғалтып алма өзіңді осы жолда!

«Жүрегіңнен сұра, басқадан сұрама!Сүріндің бе - шыда!»Деп айтып еді мама...«Кетер өтіп бұл да,Үміттің шырағы қолыңда!»Айта берсін, айта берсін жұрт.Айта берсін, айта берсінАйта берсін, айта берсін жұрт.

«Сенімен санаспайды,Ештеңе жараспайды» дейді олар.Сөз қылады тынбайды:«Көрмеп едік мұндайды,Жанталасып қоймайды,Өзін кім деп ойлайды?» дейді олар.Құлақ аспа бәріне,Алда талай әлі де белес болар.Жасқанбашы, жасыма,Бақыт құсы басыңа келіп қонар!Баса бер тек ілгері,Барлық қиын күндерің артта қалар!

О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?Мұңаюдың жоқ себебі, себебі жоқ!О, не болды, не болды, не болды, не болды саған?Өмір – ұзақ жол, жоғалтып алма өзіңді осы жолда!

«Жүрегіңнен сұра, басқадан сұрама!Сүріндің бе - шыда!»Деп айтып еді мама...«Кетер өтіп бұл да,Үміттің шырағы қолыңда!»Айта берсін, айта берсін жұрт.Айта берсін, айта берсінАйта берсін, айта берсін жұрт.Не десе де айта берсін, айта берсін

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Ayta Bersin (Айта Берсін) de Zhanar Dugalova. Ou les paroles du poème Ayta Bersin (Айта Берсін). Zhanar Dugalova Ayta Bersin (Айта Берсін) texte. Peut également être connu par son titre Ayta Bersin Ajjta Bersin (Zhanar Dugalova) texte.