KeshYou "Rıyzamın (Ризамын)" paroles

Traduction vers:deenesptrutr

Rıyzamın (Ризамын)

Азат елімнің тарландарына ризамын мен,Дархан даламның арландарына ризамын мен.Ризамын, ризамын, ризамын мен.Ризамын, ризамын, ризамын мен.Ризамын, ризамын, ризамын, ризамынРизамын, ризамын мен, ризамын мен.

Бар жанында сан арман рухы биік қандай,Ел бағына жаралған жігіттер нардай.Әр парызы өтелген,Көк байрағын көтерген,Серттерінен таймай.

Сынақтан еш сескенбеген,Ұран еткен батыр бабасын.Дұшпанға да дес бермеген,Жан аямай қорғап даласын.Тұлғалары биік таудан,Ата жолын ұстап қалған,Жұлдыз болып көкте жанған.

Азат елімнің тарландарына ризамын мен,Дархан даламның арландарына ризамын мен.Айбарларын көргенде сенім оты сөнбес.Ризамын мен ерлерге намыстарын бермес.

Ар жолынан жаңылмас, ерліктері ғажап.Ол ешкімге бағынбас жүрегі азат.Тең келетін шыңдармен,Дәл осындай ұлдармен мақтанады қазақ.

Тұлпардай боп таң атырған,Ұлы елде туған ұландар.“Алашым”, - деп аласұрған,Алтын қанат біздің қырандар.Болмас кезі бағы ұшқан,Алда келген сан жарыстан,Әрқайсысы бір арыстан.

Азат елімнің тарландарына ризамын мен,Дархан даламның арландарына ризамын мен.Айбарларын көргенде сенім оты сөнбес.Ризамын мен ерлерге намыстарын бермес.(х4)

Ici on peut trouver les paroles de la chanson Rıyzamın (Ризамын) de KeshYou. Ou les paroles du poème Rıyzamın (Ризамын). KeshYou Rıyzamın (Ризамын) texte. Peut également être connu par son titre Riyzamin Rizamyn (KeshYou) texte.