KeshYou "Tuwğan jer tağdırım (Туған жер тағдырым)" letra

Traducción al:tr

Tuwğan jer tağdırım (Туған жер тағдырым)

Туған жерім - тұғырлы өлкем,Тәй-тәй қадам басқан жерім.Өзіңде өткен ғұмыр көркем,Ай-хай далам, асқар белім.

Туған жерім, мөлдірейді-ау,Жанарымда аспан-көгін.Жан-жүрегім елжірейді-ау,Естен кетпей жас-дәуренім.

Туған жер, туған ел - айбыным!Гәккулі, аққулы айдыным!Жақұтым, бақытым - байлығым сен!

Туған жер, туған ел - тағдырым,Сен барда жалғанда бар құным.Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Жақұтым, бақытым - байлығым сен!Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Туған жерім, сен - ұлысың!Баба мұра бақ-несібім!Саған деген сағынышым,Жүрегімнің қақты есігін.

Туған жерім сыйың бөлек,Алтын ұя, ақ бесігім.Сені мәңгі сүю керек,Сүймегенге жоқ кешірім!

Туған жер, туған ел - айбыным!Гәккулі, аққулы айдыным!Жақұтым, бақытым - байлығым сен!

Туған жер, туған ел - тағдырым,Сен барда жалғанда бар құным.Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Жақұтым, бақытым - байлығым сен!Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Туған жер, туған ел - айбыным!Гәккулі, аққулы айдыным!Жақұтым, бақытым - байлығым сен!

Туған жер, туған ел - тағдырым,Сен барда жалғанда бар құным.Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Жақұтым, бақытым - байлығым сен!Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!

Туған жерім...

Aquí se puede encontrar la letra de la canción Tuwğan jer tağdırım (Туған жер тағдырым) de KeshYou. O la letra del poema Tuwğan jer tağdırım (Туған жер тағдырым). KeshYou Tuwğan jer tağdırım (Туған жер тағдырым) texto. También se puede conocer por título Tuwgan jer tagdirim Tuғan zher taғdyrym (KeshYou) texto.