Qayrat Nurtas "Eh, qаrındаs (Ех, қарындас)" letra

Traducción al:ru

Eh, qаrındаs (Ех, қарындас)

Ех, қарындас айдай жүзді жамалың,Лағыл, моншақ, мөлдірейді жанарың.Хат жазасың сырға толы сезіммен,Жұмбақ жансың, нәзік үнді маралым.Күндіз-түні қоңырауды шаласың,Үндемейсің, бос әуреге саласың.Сағынышқа кірпігіңді малып ап,Айтшы менен қандай бақыт табасың?!

Ех, қарындас ерке мінез балдай,Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай.Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,Жүрегіңді телефонға жалғай.Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,Жүрегіңді телефонға жалғай.

Арамызда сымсыз бейне қамалы,Жанымызды бір үміт от жанадыТелефоның іңкәрлікке толып тұр,Көгершіндей хаттар толы қанаты.Хабарласып баяғыдай жүргендей,Хабарласып, шаршап түн-күн демей.Маған ғашық болса егер шынымен,Телефонда тұрма енді үндемей

Ех, қарындас ерке мінез балдай,Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай.Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,Жүрегіңді телефонға жалғай.Жұлдыздардан сәуле тауып сөйле,Жүрегіңді телефонға жалғай... (3х)

Aquí se puede encontrar la letra de la canción Eh, qаrındаs (Ех, қарындас) de Qayrat Nurtas. O la letra del poema Eh, qаrındаs (Ех, қарындас). Qayrat Nurtas Eh, qаrındаs (Ех, қарындас) texto. También se puede conocer por título Eh qarindas Ekh қaryndas (Qayrat Nurtas) texto.