Zhanar Dugalova "Jañbırlı Tün (Жаңбырлы түн)" lyrics

Jañbırlı Tün (Жаңбырлы түн)

Қараңғы түн, екеумізде, екеумізде бір шырақ,Бір шырақтан келе жаттық нұр сұрапҚол ұстатып кетті өмір, кетті өмір біздердіҚиын жылдар қиясында бір сынап

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр.Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр.Махаббатың сөнбесін деп жалыны,Шатыр болып, менің жаным суда тұр.

Боранды түн, екеумізде, екеумізде бір үміт,Бір үмітке жүрегіміз жылынып.Қалқа болып тұрдым саған, тұрдым саған, махаббат,Қалмасын деп, ақ боранға ұрынып.

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр.Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр.Махаббатың сөнбесін деп жалыны,Шатыр болып, менің жаным суда тұр.

Жұлдызды түн, екеумізде, екеумізде бір арман,Бір арманға телміреміз мұнарданКөкжиектен шолпан туды, шолпан туды бір кезде,Сенде тұрдың қарсы алдымда гүл алған.

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр.Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр.Махаббатың сөнбесін деп жалыны,Шатыр болып, менің жаным суда тұр.

Here one can find the lyrics of the song Jañbırlı Tün (Жаңбырлы түн) by Zhanar Dugalova. Or Jañbırlı Tün (Жаңбырлы түн) poem lyrics. Zhanar Dugalova Jañbırlı Tün (Жаңбырлы түн) text. Also can be known by title Janbirli Tun ZHaңbyrly tүn (Zhanar Dugalova) text.