Yapır-ai (Япыр-ай)
Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау.Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.
Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай,Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай.Есіме ақ сәулемді алған кезде-ау,Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.
Жалған-ау...
Ақмоншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.