Kazakh Folk "Аq tіlek (Ақ тілек)" Songtext

Übersetzung nach:enru

Аq tіlek (Ақ тілек)

Ееееей еееееааааа еееееааааа, ей ей ейТойға келген ағайын,Домбырамды-ай алайын.Ата дәстүр салтымен,Термелеп әнге салайын.Қуанышыңа ортақ боп,Қызығыңа қанайын.Қызмет етіп талмайын,Той қызығын шалқытып.Таңды таңға жалғайын,Екі де жақсы-ау үй болған.Жастардың ақ тілек тойына,Ақ тілекті ғой арнайын.Ееееей еееееааааа еееееааааа, ей ей ей

Қораң толған мал болсын,Он-он бестен жан болсын.Күнде қызық той думан,Үйлеріңде ән болсын.Дос туысың көп болсын,Дұшпандары жоқ болсын.Замандары шат болсын,Дастарханы тоқ болсын.Ұлың өсіп бай болсын,Құлының өсіп тай болсын.Қыздарыңыз қылықты,Жұлдыз болсын, ай болсын.Тоқ етерлігін айтқанда,Дәулет пен сәулет сай болсын.Ееееей еееееааааа еееееааааа, ей ей ей

Жырдан маржан құрайын,Шалқып тасып тұрайын.Сөз кезегін келесі,Құдаларға бұрайын.Қыз өсіріп қыз берген,Айналайын сіздерден.Сондықтан да мың салем,Той жасаған біздерден.Бүтін болып жатырмыз,Қуанды жас пен қартымыз.Құда болдық мың жылдық,Деген екен ғой халқымыз.Баянды болсын құдалар,Сол бір ата салтымыз.Ата да сөзге сыйласып,Жамандыққа қимасып.Өткен жақсы өмірден,Сіз біз десіп сыйласып.Екі де тілек баріңе,Жасыңа да кәріңе.Қыз ұзатыңдар келін ал,Өмірдің сол ғой мәніде.Ееееей ииииии ииииии

Hier finden Sie den Text des Liedes Аq tіlek (Ақ тілек) Song von Kazakh Folk. Oder der Gedichttext Аq tіlek (Ақ тілек). Kazakh Folk Аq tіlek (Ақ тілек) Text. Kann auch unter dem Titel Aq tilek Aқ tilek bekannt sein (Kazakh Folk) Text.