Kazakh Folk "Sekirtpe (Секіртпе)" Songtext

Sekirtpe (Секіртпе)

Ауылым Ақкемердің жағасында,Алты ұлдың мен бәйшешек арасында.Шапқанмен жанамадап кержайдақпен,Қалқам-ау, өрең жетпей қаласың да.

Гүліміз, гүліміз,Жарқырасын нұрымыз,Жарқырап нұрыңыз,Қамықпай күліңіз,Асылзат еркем,Алтын көйлек киген,Меруерттен түймең,Осы отырған қыздар,Құрметпен бас иген,Гәккугәй, гәккугәй,Гәккуіме бір салшы-ай.

Ақ тотым, аққу сипат қолаң шашың,Жүзің гүл, толған айдай керген қасың.Меруерттей қарақат көз, бұлбұл дауыс,Қаз мойын, жақыт түйме, алтын басың.

Гүліміз, гүліміз,Жарқырасын нұрымыз,Жарқырап нұрыңыз,Қамықпай күліңіз,Асылзат еркем,Алтын көйлек киген,Меруерттен түймең,Осы отырған қыздар,Құрметпен бас иген,Гәккугәй, гәккугәй,Гәккуіме бір салшы-ай.

Hier finden Sie den Text des Liedes Sekirtpe (Секіртпе) Song von Kazakh Folk. Oder der Gedichttext Sekirtpe (Секіртпе). Kazakh Folk Sekirtpe (Секіртпе) Text. Kann auch unter dem Titel Sekirtpe Sekirtpe bekannt sein (Kazakh Folk) Text.