Jüregіmdі mаhаbbаtıñ örtesіn (Жүрегімді махаббатың өртесін)
Жүрегіме сұлу сезім еккенсің,Сағынышым, самал болып жеткенсің.Қоңыр күзде жүрегімде бүр жарған,-Бақытымсың, көктемсің!
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!Махаббаттың күй-әуенін шертесің,"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.Жүрегімді…Махаббатың өртесін!
Сағынышым, аппақ гүлім, әдемім,Селт еткізген жаухар жүрек әлемін.Жәудіреген жанарыңмен жанымды –Баурап алған ән едің!
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!Махаббаттың күй-әуенін шертесің,"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.Жүрегімді…Махаббатың өртесін!
Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі…Ұрлап алдың әз күлкім мен ұйқымды.Бар әлемнің қызғалдағын жисам да –Сендей болмас Сүйкімді!!!