Kazakh Folk "Аuılım-änіm (Ауылым-әнім)" Слова пісні

Переклад:rutr

Аuılım-änіm (Ауылым-әнім)

Қайда жүрсем, туған жерім,Сен есімнен шығармысың!Жастық дәурен құрған жерім,Аз ғой саған мың алғысым!

Ғашық едім қыр гүліңе,Қызық-тойым сенде өтеді.Сенде өткізген бір күніме,Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,Саған бастап әкелетін.Сүйем жасыл талдарыңды,Жанға ләззат әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,Мөлдіреумен қарайтұғын.Сүйем белес-белдеріңді,Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан - сый арнағам,Қиял құсын қуған жерім.Туған жерін сүйе алмаған,Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,Алтын аймақ ән салады.Жол тынымсыз тартқан алға,Жүрегімді нұр шалады.

Тут можна знайти слова пісні Аuılım-änіm (Ауылым-әнім) Kazakh Folk. Чи текст вірша Аuılım-änіm (Ауылым-әнім). Kazakh Folk Аuılım-änіm (Ауылым-әнім) текст. Також може бути відомо під назвою Auilim-anim Auylym-әnim (Kazakh Folk) текст.