KeshYou "Dombıra (Домбыра)" Слова пісні

Переклад:tr

Dombıra (Домбыра)

Күй ойнайды қазағымның қанында,Күй ойнайды қазағымның жанында.Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі,Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен домбыра,Анамыздың сырысың сен домбыра.Қазағымның жүрегінен жаралған,Даламыздың үнісің сен домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен домбыра,Анамыздың сырысың сен домбыра.Қазағымның жүрегінен жаралған,Даламыздың үнісің сен домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,Даламыздың тағдырларын толғаған.Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен домбыра,Анамыздың сырысың сен домбыра.Қазағымның жүрегінен жаралған,Даламыздың үнісің сен домбыра!

Қазағымның жүрегінен жаралған,Даламыздың үнісің сен домбыра!

Домбыра!

Тут можна знайти слова пісні Dombıra (Домбыра) KeshYou. Чи текст вірша Dombıra (Домбыра). KeshYou Dombıra (Домбыра) текст. Також може бути відомо під назвою Dombira Dombyra (KeshYou) текст.