Kazakh Folk "Toybastar (Тойбастар)" Слова песни

Toybastar (Тойбастар)

Жиналып, халқым, құралсаң.Сөйле деп бізге ұйғарсаң,Бұл тойдың көркін айтайын:Той болады-ау дегенненХалыққа хабар таратқан,Ат жүйрігін жаратқан,Әшекейлеп, жасантып,Отауда тігіп, ақ жапқан,Байрақты тігіп, ат шапқан.Жыршысы болса, жырлатып,Аламан басын құралтып,Жақсыларға тыңдатқан.Тартысы болса, тартысып,Айтысы болса, айтысып.Бұл да тәуір болады,Қыз - жігітке түн қатқан.Жиналған топтың құралы -Жыршыдан өнер сұрадың.Сұрағандарың сөз болса,Қалағандарың біз болсақ,Қандырайын көптің құмарын.Шын шабытым келгенде,Ағыным тасты аударғанМен бір қайнарлы өзен, бұлағың.Той - адамның қазынасы,Жұптанып неке қиылған.Ақ бұйрығы деген бар,Құлақ қойсаңдар келіске.Адам ата жұптанып,Хауа ананы алғанда,Исраhил, Макаил -Некесін қиған екен періштең.Айтамын хабар қиырдан,Ешкімнен қорқып тыйылман.Расулы пайғамбарХадишаны алғанда,Ақ некесін қисын депЖәбірейілге Алла бұйырған,Сол себептен неке қиылған.Қыз бала, сізге айтайын,Жұрт жинап, қызық той еткен.Атымтай Жомарт салған жол,Бақыт пен дәулет қонған жол.Арғымақ аттай сәнденген,Сөйлесе, сөзің пәмденген,Тоты құстай таранып,Бойыңды түзеп сәнденген,Өтейін деп отырсыңБалдырлы Балқаш көлдерден.

Здесь можно найти слова песни Toybastar (Тойбастар) Kazakh Folk. Или текст стиха Toybastar (Тойбастар). Kazakh Folk Toybastar (Тойбастар) текст. Также может быть известно под названием Toybastar Tojjbastar (Kazakh Folk) текст.