Qayrat Nurtas "Qаlаy ŭmıtаm (Қалай ұмытам)" lírica

Traducción al: RU

Бақыт алдан күтіп еді, адастым жолдан,
Сезім алау сөнді, жанған.
Өшіріп алдым,
Кешірші жаным.

Қалай ұмытам, қалай ұмытам,
уақытты өткен?
Шуағын шашып төккен, ғашық еткен,
ұмытылмайды бақытты көктем!
Қалай ұмытам, қалай ұмытам,
уақытты өткен?
Ұзап кеткен сол бір көктем, шықпас естен.

Таба аламын ба сені қайталанбас менің,
мөлдір махаббатым,
Түсінші жанымды,
ұсыншы қолыңды, сенсіз жоқ тағатым.
Сені аңсағаным, күтіп шаршадым,
сен деп ән саламын,
Асылым аяулы, ғасырға айналды,
сенсіз әр сағатым.

Табылмас жан енді маған, өзіңнен асқан,
Бағымды ашқан, тағдыр қосқан,
Сыңарым едің.
Кінәлі менмін.

Қалай ұмытам, қалай ұмытам,
уақытты өткен?
Шуағын шашып төккен, ғашық еткен,
ұмытылмайды бақытты көктем!
Қалай ұмытам, қалай ұмытам,
уақытты өткен?
Ұзап кеткен сол бір көктем, шықпас естен.

Таба аламын ба сені қайталанбас менің,
мөлдір махаббатым,
Түсінші жанымды,
ұсыншы қолыңды, сенсіз жоқ тағатым.
Сені аңсағаным, күтіп шаршадым,
сен деп ән саламын,
Асылым аяулы, ғасырға айналды,
сенсіз әр сағатым.