Moldir Awelbekova "Ädemi Qız (Әдемі қыз)" Songtext

Ädemi Qız (Әдемі қыз)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,Бақытым сенсің, барымсың.Дариға мынау жалғанда,Таңдап бір сүйген жанымсың.

Ақ көйлек, қара камзол белін буған,Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған.Мен сізге ғашықтықтан сөз айтамын,Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.

Сәулелі алтын айымсың,Бақытым сенсің, барымсың.Дариға мынау жалғанда,Таңдап бір сүйген жанымсың.

Hier finden Sie den Text des Liedes Ädemi Qız (Әдемі қыз) Song von Moldir Awelbekova. Oder der Gedichttext Ädemi Qız (Әдемі қыз). Moldir Awelbekova Ädemi Qız (Әдемі қыз) Text. Kann auch unter dem Titel Ademi Qiz Әdemi қyz bekannt sein (Moldir Awelbekova) Text.